ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ

Қазақстан Республикасындағы қызметкердің жеке деректерін қорғау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.54649/2077-9860-2025-2-87-90

Аңдатпа

Мақалада еңбек қатынастарын цифрландыру жағдайында қызметкерлердің жеке деректерін қорғаудың құқықтық және ұйымдастырушылық аспектілері қарастырылған. Жеке ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау, сондай-ақ жұмыс берушінің құпиялылық пен деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілер талданады. Қызметкерлердің жеке деректерін қорғау құқықтарына, олардың сақталуын бақылау тетіктеріне, сондай-ақ осы саладағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікке ерекше назар аударылады. Ұйымдарда жеке деректерді тиімді қорғауды қамтамасыз ету үшін практикалық ұсыныстар берілген. Жүргізілген зерттеу қызметкерлердің жеке деректерін өңдеу мен қорғауды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын талдауға негізделген. Мақалада еңбек қатынастары саласындағы жеке деректерді құқықтық реттеудің негізгі мәселелері, соның ішінде ақпаратқа қол жеткізу, құпиялылықты қамтамасыз ету және заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар еңбек қатынастарының цифрландырылуы және электрондық ақпараттық жүйелерді қолдану жағдайындағы жаңа қауіп-қатерлерге ерекше назар аударыла ды. Зерттеу нәтижелері қызметкерлердің жеке деректерін қорғау тетіктерін жетілдірудің негізгі бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жарияланды

2025-07-11

Журналдың саны

Бөлім

ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ