ЗАҢ ШЫҒАРУ ТӘЖІРИБЕСІНЕН

Қазақстандағы заңгерлік кәсіпті реттеудің бытыраңқылығы мәселелері және бірыңғай өзін-өзі реттейтін ұйым құру болашағы

Авторлар

  • А.Ж. Джалдыбаева Каспий университеті Автор

DOI:

https://doi.org/10.54649/2077-9860-2025-3-105-112

Кілт сөздер:

ЗАҢ ШЫҒАРУ ТӘЖІРИБЕСІНЕН

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасындағы заңгерлік кәсіпті бытыраңқылығын реттеу мәселелері және бірыңғай өзін-өзі реттейтін ұйым қалыптастыру болашағы зерттелді. Тақырыптың өзектілігі бір мезгілде қызмет ететін көптеген кәсіби бірлестіктердің (48 заң консультанттары палатасы және Республикалық адвокаттар алқасы) болуымен айқындалады. Бұл жағдай заң көмегін көрсету стандарттарының бірізділігінің болмауына, біліктілік талаптары мен тәртіптік практикадағы айырмашылықтарға, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың күрделенуіне және заң қызметтерінің сапасына кері әсерін тигізеді. Мақаланың мақсаты – қолданыстағы реттеу модельдерін талдау және басқарудың демократиялық қағидаттарына негізделген бірыңғай өзін-өзі реттейтін ұйымның тұжырымдамалық моделін әзірлеу. Зерттеудің әдіснамалық негізін жүйелік, салыстырмалы-құқықтық және формальды-заңдық талдау, сондай-ақ институционалдық болжау элементтері құрайды.

Дамудың үш сценарийі қарастырылады: ерікті бірігу, заңнамалық бірігу және қолданыстағы жағдайды сақтау (status quo). Бірінші кезеңде үйлестіруші кеңес құру арқылы кезең-кезеңімен ерікті бірігудің оңтайлылығы негізделеді. Басшылық өкілеттіктерін шектеуді, тәуелсіз тәртіптік комиссияны, өңірлердің кепілдендірілген өкілдігін, бюджетті басқарудың ашықтығын және жалпы жиналысты кезектен тыс шақыру тетіктерін қамтитын бірыңғай ұйымның институционалдық моделі ұсынылады. Консолидациялық үдерістердің катализаторы ретіндегі KazBar палатасының рөлі айқындалды.

Заң қызметтерінің сапасын арттыруға және кәсіптің тәуелсіздігін нығайтуға бағытталған практикалық ұсынымдар тұжырымдалады. Демократиялық қағидаттарға негізделген бірыңғай өзін-өзі реттейтін ұйымды қалыптастыру құқықтық мемлекетті дамыту мен азаматтардың білікті заң көмегіне нақты қол жеткізуін қамтамасыз етудің қажетті шарты болып табылатыны туралы қорытынды жасалды

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жарияланды

2026-04-19

Журналдың саны

Бөлім

ЗАҢ ШЫҒАРУ ТӘЖІРИБЕСІНЕН