АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ

Қоғамдық тәртіп ұғымы туралы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.54649/2077-9860-2025-3-63-71

Кілт сөздер:

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ

Аңдатпа

Мақалада 2024 жылғы қыркүйекте қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының нормативтік қаулысы талданды. Аталған қаулыда Үкіметке «қоғамдық тәртіп» ұғымының заңдық анықтамасын формалдық айқындығын қамтамасыз ету мақсатында «Төрелік туралы» заңда нақтылау ұсынылған. Автор Конституциялық Соттың бұл ұстанымын сын тұрғысынан қарастырып, құқықтық норма мен заңдық анықтаманың функцияларының араласуын көрсетеді: заңдық ұғымды нақтылаудың мақсаты – мінез-құлықты құқыққа сай немесе құқыққа қайшы деп саралау емес, біркелкі құқықтық қолдануды қамтамасыз ету.

Мақалада Қазақстандық құқық жүйесінде қоғамдық тәртіп тұжырымдамасының қолданылуының төрт негізгі жағдайы жан-жақты қарастырылады: төрелік шешімдерді жою, оларды орындаудан бас тарту, шетелдік төреліктердің шешімдерін тану және шетел құқығын қолдануды шектеу. Шетелдік тәжірибе мен сараптамалық қорытындыларға сүйене отырып, автор «қоғамдық тәртіп» (ordre public) ұғымының абстрактылығы оның мәндік белгісі болып та былатынын, ал оның нақты мазмұны әрбір нақты іс бойынша соттар арқылы айқындалатынын дәлелдейді. «Төрелік туралы» заңның 2-бабының 1) тармақшасының қолданыстағы редакция сы жеткілікті және халықаралық стандарттарға сәйкес деп танылды. Заң нормасын жетілдіру ретінде құқықтық тәртіп негіздерінің бастапқы қайнар көзі ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясына тікелей сілтемені енгізу ұсынылады

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жарияланды

2026-04-19

Журналдың саны

Бөлім

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ПРОЦЕСС