ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСС. АҚПАРАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК

Сотқа дейінгі қылмыстық іс жүргізудің тергеу моделінің еуразиялық типологиясы

Авторлар

  • Хан Виталий Вячеславович Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Автор

Кілт сөздер:

тергеу моделі, процессуалдық дербестік және тәуелсіздік, процессуалдық мәртебе, тергеуші, тергеу комитеті

Аңдатпа

Мақалада Беларусь, Қазақстан және Ресей мемлекеттеріндегі алдын ала тергеудің типологиялық моделі генетикалық қасиеттер мен қылмыстық-процестік жүйелер деректерін компаративтік талдау негізінде қарастырылып, ғылыми тұрғыда негізделді. Бұл тәсіл жалпы заңдылықтарды, өңірлік ерекшеліктерді, сондай-ақ институционалдық сипаттағы ұлттық айырмашылықтарды айқындауға мүмкіндік берді. Осы тұрғыдан дербес тергеу органының қалыптасуының тарихи алғышарттары талданып, тергеушінің процессуалдық мәртебесі мен оның ұйымдастырушылық диспозициясы арасындағы бұрын орын алған асимметрияға ерекше назар аударылды. Аталған мәселе ұзақ уақыт бойы кеңестік және посткеңестік процессуалдық ойдың түйткілді мәселелерінің бірі болып келді.

Автономды тергеу органын құрудың артықшылықтары айқындалды, олардың қатарында – тергеу қызметінің нәтижелілігін арттыру, тергеушінің анықтау органдары мен прокуратурадан әкімшілік тәуелділігін жою, сондай-ақ ведомстволық бақылау жүйесін оңтайландыру бар. Автор тарихи тұрғыда қалыптасқан ұйымдастырушылық диспозицияның Тергеу комитеті нысанындағы бірегейлігін атап өткенімен, ол зерттеліп отырған әрбір мемлекетте өзіндік ерекшеліктерге ие болғанын көрсетеді.

Жұмыста дербес тергеу органын формальды түрде құру әрдайым тергеушінің процессуалдық дербестігін қамтамасыз ете бермейтіні туралы қорытынды негізделді; соңғысы кеңестік модель элементтерінің сақталуы, сондай-ақ тергеу органы басшысы мен прокурор өкілеттіктерінің кеңеюі арқылы көрініс табады. Жүргізілген салыстырмалы талдау негізінде тергеу моделін оңтайландыру жолдары ұсынылды, олар дәлелдеу субъектісі ретінде тергеушінің мақсатын – объективті ақиқатты анықтауға ұмтылатын тәуелсіз субъект ретіндегі рөлін қалпына келтіруге бағытталған.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жарияланды

2026-08-10

Журналдың саны

Бөлім

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСС. АҚПАРАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК