ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ
Еңбек саласындағы цифрлық технологиялар
DOI:
https://doi.org/10.54649/2077-9860-2023-3-70-76Аңдатпа
Мақала ішінде автор еңбек қатынастары саласында цифрлық технологияларды қолдануды қарастырады. Цифрлық экономика еңбек қатынастарында жаңа технологияларды енгізу қажеттілігін талап ететіні және цифрландыру процесінде өзіндік оң және теріс аспектілері бар екендігі атап өтіледі. Еңбек қатынастарын цифрландыру мемлекетке бүгінгі таңда қандай мамандықтар сұранысқа ие екенін түсінуге және болжауға мүмкіндік береді; жаһандық цифрландыру дәуірінде жұмыскерлердің біліктілігіне қойылатын талаптар артып келеді. Нарық үстінде дәстүрлі кәсіптер мен лауазымдардың орнына жаңа мобильді және икемді еңбек функциялары пайда болуда, адамдардың көптеген процестердегі маңыздылығының төмендеуі ықтималдығы және болашақта роботтар жақсы жұмыс істейтін тұтастай кәсіптердің жоғалуы да ықтимал. Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесін енгізудің түсінігі мен іске асыру механизмі келтірілген. Сондай-ақ жазбаша нысанда жасалған еңбек шартының дәстүрлі нысанына қосымша нұсқа ретінде электронды еңбек шарттарына назар аударылады және www. enbek.kz «Электрондық еңбек биржасы» сайты арқылы жүргізілетін еңбек шарттарымен жұмыс туралы ақпарат беріледі.