КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ
Қазақстан Республикасында сайлау комиссиясын қалыптастыру тәртібі сұрақ туғызады
DOI:
https://doi.org/10.54649/2077-9860-2025-1-32-38Аңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасындағы сайлау комиссияларын құрудың проблемалық мәселелері талқыланады. Сайлау барысында сайлау комиссияларының мүшелері тарапынан заң бұзушылық фактілері байқалатыны атап өтілді. Сайлау комиссиялары мүшелері тарапынан сайлау заңнамасын жекелеген бұзушылықтарының өзі сайлау комиссияларының қызметіне және олардағы кадрларды іріктеуге байланысты мәселелер сайлау органдарының бүкіл жүйесін объективті қайта қарауды және мүмкін қайта пішімдеуді талап ететінін көрсетеді. Қазақстан Республикасында және басқа да бірқатар елдерде жұмыс істейтін сайлау органдарының дербес моделі, сайлау органдарының жүйесі зерттелді. Комиссияларды құру процесін реттейтін құқықтық актілер талданады. Комиссиялардың құрамына қойылатын талаптарға, оларды құру және тағайындау тәртібіне, сондай-ақ олардың жұмысының тәуелсіздігі мен ашықтығын қамтамасыз ету механизміне ерекше назар аударылады. Сайлау процесінің тиімділігін және азаматтардың сайлау жүйесіне сенімін арттыруға бағытталған ұсыныстар ұсынылады.