МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ

Қазақстан Республикасының заңнама жүйесіндегі иерархияның кейбір мәселелері

Авторлар

  • Жанұзақова Лейла Тельмановна «Туран» университеті Автор
  • Калимбекова Асель Рахатовна Каспий университеті Автор

DOI:

https://doi.org/10.54649/2077-9860-2024-3-37-44

Аңдатпа

Мақала қазіргі заманғы құқық теориясының өзекті мәселелерінің бірі – нормативтік құқықтық актілер иерархиясына арналған. Позитивті құқықтағы иерархия ұғымына қатысты заң әдебиеттеріндегі көзқарастар зерттелді. Иерархия белгілі бір вертикаль дәйектілігінде орналасқан заңды күші азая беретін нормативтік құқықтық актілердің арақатынасын білдіреді және әрбір төменгі деңгейдегі актілердің жоғары деңгейдегі актілерге сәйкестігін болжайды деген қорытындығ жасалынған. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Құқықтық актілер туралы» Заңына сыни талдау жүргізілді. Бұл заң нормативтік құқықтық актілердің иерархиясын бекіте отырып, өзінің жекелеген ережелерінде даулы және Конституцияға қайшы келетін нормаларды қамтитындығы  анықталды. Жүргізілген талдау негізінде «Құқықтық актілер туралы» Заңды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірленді.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жарияланды

2024-10-04

Журналдың саны

Бөлім

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ