ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫ
Халықаралық бала асырап алуды құқықтық реттеу
DOI:
https://doi.org/10.54649/2077-9860-2025-1-94-99Аңдатпа
Мақалада халықаралық бала асырап алудың құқықтық аспектілері және шетелдік отбасыларда тәрбиеленетін балалардың бейімделуінде туындайтын мәселелер қарастырылады. Мәдениет, тіл, діни-этикалық құндылықтардағы айырмашылықтар баланың жаңа қоғамға толыққанды кірігуіне айтарлықтай қиындықтар тудыратыны атап өтіледі. Автор қолданыстағы халықаралық шарттар мен заңнамалық нормалардың қайшылықтары бар екенін және олар баланың құқықтарын жеткілікті дәрежеде қорғамайтынын көрсетеді. Негізгі назар асырап алу туралы заңнаманы жетілдіруге, құқықтық нормаларды біріздендіруге және балалардың шетелдік отбасылардағы өмір сүру жағдайларына бақылауды күшейтуге аударылады. Мақалада «Дима Яковлев заңы» секілді заңнамалық бастамаларға талдау жасалып, халықаралық бала асырап алуды шектеу үрдістері талқыланады. Қорытындысында бала мүдделерін қорғауда мемлекеттің рөлін арттыру және құқықтық реттеу жүйесін реформалау қажеттігі айқындалады.