Материалдарды жіберу

Материалды жіберу үшін сізге Кіру немесе Тіркелу қажет.

Авторларға арналған нұсқаулық

ҚОЛЖАЗБАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

1. Мақаланың техникалық параметрлері

Қолжазба Microsoft Word форматында қабылданады (қаріп — Times New Roman, 14 пт., жоларалық интервал — бір, мәтін ені бойынша тураланады). Мәтін көлемі — 10000-30000 таңбаға дейін (бос орындарды қоса есептегенде). Абзацтық шегініс — 1,25 см, барлық жақтан өлшем — 20 мм. Беттердің нөмірленуі ортасына қойылады. Барлық құрылымдық элементтер бір бос жол арқылы бөлінеді.

2. Шығыс деректері және авторлар туралы мәліметтер

Бірінші беттің жоғарғы сол жақ бұрышында (қалың қаріп, 14 пт.) келесі мәліметтер ретімен беріледі: ҒТАХР коды (гиперсілтеме: https://grnti.ru/) және ӘОЖ коды (гиперсілтеме: https://teacode.com/online/udc/).

Одан төмен, бір жол аралықтан кейін, ортасына авторлар туралы мәліметтер үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) беріледі. Авторлардың инициалдары мен тегі жуан қаріппен (14 пт.) жазылады. Келесі жолда — қызметі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, аффилиациясы (жұмыс орны), қаласы, елі, e-mail мекенжайы, сондай-ақ ORCID, Scopus Author ID немесе Web of Science ResearcherID (бар болған жағдайда) — жай қаріппен, 12 пт. көрсетіледі.

Бірлескен авторлық жағдайда (3 авторға дейін) хат алмасуға жауапты автор жұлдызшамен (*) белгіленіп, тиісті бетасты сілтемемен көрсетіледі. Әрбір автордың зерттеуге қосқан үлесі әдебиеттер тізімінің алдында жеке абзацта сипатталады.

3. Қолжазба құрылымы

Мақаланың атауы ортасына, қалың қаріппен (14 пт.) жазылады. Атауы қысқа, мазмұнды болуы және қысқартуларсыз беріледі.

Аңдатпа көлемі 150-250 сөз (12 пт., ені бойынша туралау) және тақырыптан бір жол арқылы бөлінеді. Түйіндемеде зерттеудің өзектілігі мен мақсаты, қолданылған әдіснама, сондай-ақ алынған нәтижелер мен қорытындылар көрініс табуы тиіс. Егер зерттеу теориялық-шолу сипатында болса, әдіснама мәселелерді шешу тәсілдерімен бірге берілуі мүмкін.

Түйін сөздер (5-8 сөз немесе сөз тіркесі) аңдатпадан кейін бірден орналастырылады.

Негізгі мәтін келесі құрылым бойынша жазылады:
— кіріспе (өзектілігін негіздеу, мақсат пен міндеттер);
— зерттеу материалдары мен әдістері;
— нәтижелер;
— талқылау;
— қорытынды;
— қаржыландыру туралы мәліметтер (бар болған жағдайда).

4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімін рәсімдеу

Әдебиеттерге сілтемелер мәтінде олардың алғаш аталу ретіне сәйкес квадрат жақшада [...] беріледі (мысалы, [1], [2]). Қайта сілтеме жасағанда бастапқы нөмір сақталып, беттері көрсетіледі (мысалы, [1, 23-б.], [2, 98–99-бб.]).

Әртүрлі әдебиеттер тізімін рәсімдеу мысалдары (14 пт., ені бойынша туралау):
— Кітап: Бекова Р.П., Симонова Т.Н. Основы права. – М.: ИНФРА, 2010. – 296 с.
— Конференция материалдары: Neruga Zh.K., Aimanova K.L. The Role of Labor Productivity Increase in Economic Modernization // The V-th «Legal Modernization of Kazakhstan under the New Constitution»: Proceedings of International Scientific-Practical Conference. – Almaty: Print, 2012. – P. 360–377.
— Журнал мақаласы: Lonely S. Problem of Legal Regulation of Trade Law // Journal of International Law, 2014. – № 40 (3). – P. 493–511. – DOI: 10.1080/1369183X.2013.829710.

Электрондық ресурстар, статистикалық жинақтар және нормативтік құқықтық актілер бетасты сілтемелерде беріледі (10 пт., ені бойынша туралау).

Электрондық ресурстарды рәсімдеу мысалдары:
— Тоқаев Қ.-Ж.К. Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жасанды интеллект дәуірінде: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу» (2025). URL: https://www.akorda.kz/... (қаралған күні: 18.01.2025).
— Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 2014 жылғы 3 шілдедегі № 226-V ҚРЗ (01.01.2025 ж. ред.). URL: https://adilet.zan.kz/... (қаралған күні: 19.05.2026).

Әдебиеттер тізімі екі нұсқада рәсімделеді:
— бірінші— түпнұсқа тілінде, қолданыстағы ГОСТ талаптарына сәйкес;
— екінші— романизацияланған әліпбиде (латын транслитерациясы, References).

Дереккөздер тізіміндегі өзін-өзі дәйектеу деңгейі 20%-дан аспауы тиіс.

Материалды редакцияға жіберер алдындағы дайындық тізімі

Барлық ұсынылған материалдар келесі талаптарға сай болуы тиіс.

- Материал Авторларға арналған нұсқаулықта көрсетілген талаптарға сәйкес келеді.
- Материал бұрын жарияланбаған және басқа журналдың қарауында емес.
- Барлық сілтемелердің дәлдігі мен толықтығы тексерілген.
- Барлық кестелер мен суреттер нөмірленген және тақырыптары жазылған.
- Осы материалмен бірге ұсынылған барлық фотосуреттерді, деректер жинақтарын және басқа да материалдарды жариялауға рұқсат алынған.

Мақалалар

Бөлімнің әдепкі саясаты

Құпиялық туралы мәлімдеме

Электронды журналға енгізілген атаулар мен электрондық пошта мекенжайлары тек қана осы журналда айқындалған мақсаттар үшін ғана пайдаланылады