ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСС. АҚПАРАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК

Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлерімен трансұлттық киберқылмысқа қарсы күрес

Авторлар

  • Батырбай Нурбол Мухтарулы Каспий университеті Автор https://orcid.org/0000-0002-9679-2262
  • Тлешалиев Нурлан Даулеткулович Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы Автор https://orcid.org/0000-0003-3871-866X

DOI:

https://doi.org/10.54649/2077-9860-2026-1-66-74

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасының Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары қызметкерлерінің трансұлттық киберқылмысқа қарсы күрестің өзекті мәселелері қарастырылды. Цифрландыру және жаһандану жағдайында киберқылмыстың арту ерекшеліктері мен үрдістері талданды, сондай-ақ оның алдын алу, анықтау және тергеу кезінде туындайтын негізгі проблемалар анықталды. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын талдауға және оның киберқауіптерге қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкестігіне ерекше назар аударылды. Ақпарат алмасуды және бірлескен операцияларға қатысуды қоса алғанда, ведомствоаралық өзара іс-қимыл және халықаралық ынтымақтастық мәселелері қаралды.

Зерттеу барысында жүйелік, салыстырмалы-құқықтық, статистикалық және ресми-құқықтық талдауды қоса алғанда, жалпы ғылыми және арнайы әдістер қолданылды. Жүргізілген зерттеу негізінде нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге, құқық қорғау және арнайы органдар қызметінің тиімділігін арттыруға, цифрлық технологияларды дамытуға және халықаралық өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған ұсыныстар тұжырымдалды.

Құқықтық, ұйымдастырушылық және технологиялық шараларды қамтитын трансұлттық киберқылмысқа қарсы іс-қимылға кешенді көзқарастың қажеттілігі туралы қорытынды жасалды. Сондай-ақ, мақалада трансұлттық киберқылмыспен күресу практикасына талдау жасалып, оның негізінде негізгі кезеңдер, проблемалар анықталып, оларды шешу жолдары ұсынылды. Киберқауіптердің таралуы мен қоғамдық қауіптілігінің артуына байланысты көптеген отандық және шетелдік зерттеушілер бұл мәселеге алаңдайды.

 

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жарияланды

2026-03-27

Журналдың саны

Бөлім

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСС. АҚПАРАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК