АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСС
Оңалту және банкроттық рәсіміндегі борышкердің мәмілесін жарамсыз деп танудың арнайы негізі
DOI:
https://doi.org/10.54649/2077-9860-2026-1-38-44Аңдатпа
Мақалада оңалту және банкроттық рәсімдеріндегі борышкер мәмілелерін жарамсыз деп танудың арнайы негіздерінің бірі қарастырылған. Зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының 7-бабы 2-тармағы 1) тармақшасында көзделген мәмілені жарамсыз деп тану негізін кешенді талдау, қолданыстағы ұлттық заңнамадағы олқылықтарды анықтау және шетел мемлекеттерінің құқықтық реттеуімен салыстырмалы талдау жүргізу. Зерттеудің әдіснамалық негізін формальды-логикалық әдіс, ғылыми талдау және синтез, сондай-ақ салыстырмалы-құқықтық талдау сияқты жалпы және арнайы ғылыми әдістер құрайды. Зерттеу нәтижесінде Ресей Федерациясы, Германия және Ұлыбританияның банкроттық заңнамасына салыстырмалы талдау жасалып, олардың ерекшеліктері айқындалды. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормалары талқыланып, мәмілені аталған негіз бойынша жарамсыз деп танудың шарттары мен белгілері сараланды. Қорытындысында бірыңғай сот тәжірибесін қалыптастыру мақсатында банкроттық заңнамасындағы кейбір ұғымдарды нақтылау және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар берілді.