АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСС

Азаматтық айналымға мемлекеттің шамадан тыс араласуының кезекті кезеңі: медициналық қызметтерді сатып алу шарты мысалында

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.54649/2077-9860-2026-1-26-37

Аңдатпа

Мақалада нақты азаматтық-құқықтық дау негізінде денсаулық сақтау субъектілерін қаржыландыру және медициналық қызметтер көрсету саласындағы қатынастарды реттеуде жеке және жария құқықтың арақатынасы мәселесі зерттеледі. Қазіргі жағдайда денсаулық сақтау саласында мемлекеттік реттеуді күшейту үрдісі байқалады, ол мемлекеттік бақылау мен қадағалауды тек мемлекеттік емес, сонымен қатар жекеменшік денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіне де тарату арқылы жүзеге асырылуда. Осыған байланысты медициналық қызметтер көрсету барысында азаматтық айналымға мемлекеттік араласудың кеңеюі қаншалықты негізді деген заңды сұрақ туындайды. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің және жеке кәсіпкерлік еркіндігіне қатысты өзге де заңнамалық актілердің нормалары бұзылмай ма? Аталған және осы мәселеге қатысты өзге де сұрақтарға жауаптар осы мақалада ұсынылған.

Жүргізілген зерттеу нәтижесінде авторлар қадағалау органдарының денсаулық сақтау саласын жеке қаржыландыру аясындағы өз өкілеттіктерін кеңейте түсіндіруі, түскен қаражаттың құқықтық табиғаты мен ішкі корпоративтік құқықтық қатынастарды ескермей жүзеге асырылуы жеке меншікке конституциялық кепілдіктердің және шарт еркіндігі қағидатының бұзылуына алып келетінін қорытындылайды. Мұндай тәжірибе соттық түсіндіру деңгейінде де, сондай-ақ жария-құқықтық бақылау мен жеке-құқықтық автономияны ажырату тетіктерін жетілдіру арқылы да жүйелі түрде түзетуді талап етеді.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жарияланды

2026-03-27

Журналдың саны

Бөлім

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСС