ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ҚҰҚЫҚ

Шанхай Интымақтастық Ұйымы: қалыптасуы мен даму болашағы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.54649/2077-9860-2025-4-60-66

Аңдатпа

Мақалада әлемдік тәртіптің бірполярлы моделінен көпполярлы жүйеге өтуі және халықаралық қауіпсіздік жүйесіндегі түбегейлі өзгерістер жағдайында Шанхай ынтымақтастық ұйымының трансформациясы зерттелді. Тарихи-құқықтық және салыстырмалы-құқықтық талдау әдістері негізінде ұйымның институционалдық эволюциясы қарастырылды: шекара маңындағы сенімді нығайту тетігінен («Шанхай бестігі») бастап жаһандық ықпалға ие толыққанды құрылымға дейінгі даму кезеңдері, соның ішінде кеңею үдерісі (Үндістан, Пәкістан, Иран, Беларусь) және көпдеңгейлі серіктестік жүйесінің қалыптасуы талданды. Негізгі қызмет бағыттарына ерекше назар аударылды, оларға: азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету (Орталық Азияның осалдығына және өңірлік кооперация қажеттілігіне баса мән бере отырып), қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту.

Қазақстан Республикасы мысалында инвестициялық саясаттың жүйелі проблемалары (реттеудің тұрақсыздығы, шикізаттық тәуелділік) талданып, оларды шешу жолдары ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің (Қытай, Үндістан) және диалог серіктестерінің (БАӘ) тәжірибесін ескере отырып ұсынылды. Еуразиялық интеграцияның кадрлық негізін қалыптастырудағы білім беру бағдарламаларының рөлі (Каспий университеті мысалында) жеке қарастырылды. Автор ШЫҰ қалыптасып келе жатқан полицентрлік архитектураның маңызды элементі болып табылатынын қорытындылайды. Алайда одан әрі интеграцияның тиімділігі ұлттық заңнамаларды үйлестіруді және декларативтік мәлімдемелерден ынтымақтастықтың нақты институционалдық тетіктеріне көшу қажеттігін талап етеді.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жарияланды

2026-01-08

Журналдың саны

Бөлім

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ҚҰҚЫҚТАНУ