АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСС

Қазақстан Республикасының арбитраждық заңнамасын ЮНСИТРАЛдың үлгілік заңымен үйлестіру: генезисі, эволюциясы және болашағы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.54649/2077-9860-2025-4-32-44

Аңдатпа

Мақала Қазақстан Республикасының арбитраждық заңнамасын халықаралық коммерциялық арбитраж туралы ЮНСИТРАЛ-дың Үлгілік заңымен үйлестіру үдерісін талдауға арналған. Құқықтық реттеудің эволюциясы 2004 жылғы дуалистік модельден (төрелік соттар және халықаралық коммерциялық арбитраж туралы жеке заңдар) 2016 жылғы біріздендірілген «Арбитраж туралы» заңға дейінгі кезең аясында зерттелді. Авторлар ЮНСИТРАЛ Үлгілік заңы ережелерін енгізудің негізгі кезеңдерін, атап айтқанда 2010, 2017, 2019 және 2022 жылдардағы түзетулерді талдайды, олардың мақсаты анықталған сәйкессіздіктерді жою болған. Азаматтық іс жүргізу заңнамасы нормаларын шамадан тыс қабылдау мәселесіне ерекше назар аударылады, бұл арбитраж рәсімінің «юдициализациясына» алып келді. Мақалада қолданыстағы заңның жүйелі кемшіліктері айқындалды: терминологиялық айқынсыздық, тараптарды хабардар ету тетігінің жетілмегендігі, арбитражға тән емес институттардың болуы (жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау, міндетті хаттама жүргізу), сондай-ақ шешімдердің күшін жою негіздерінің негізсіз кеңейтілген тізбесі. Заңнаманы одан әрі жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар тұжырымдалып, олардың іске асырылуы Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруға және халықаралық коммерциялық арбитраж үшін қолайлы юрисдикция ретіндегі мәртебесін нығайтуға ықпал ететіні негізделді.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жарияланды

2026-01-08

Журналдың саны

Бөлім

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСС