МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ

Жаңа Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық институттар жүйесіндегі прокуратураның орны туралы мәселеге қатысты

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.54649/2077-9860-2025-4-18-24

Аңдатпа

Мақала Қазақстан Республикасының прокуратурасының конституциялық-құқықтық мәртебесінің эволюциясын «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру және 2017 және 2022 жылдардағы конституциялық реформалар контексінде талдауға арналған. Зерттеуде прокуратура өкілеттіктерінің кең ауқымды қадағалауға негізделген кеңестік модельден шектеулі құзыреті бар қазіргі заманғы құқық қорғаушы институтқа дейінгі трансформациясы қарастырылған. Ерекше назар нормативтік құқықтық актілерге наразылық білдіру құқығын талдауға аударылған. Дегенмен бұл құқық de jure 1995 жылғы Конституциямен прокуратураға берілгенімен, тиісті процессуалдық тетіктің болмауына байланысты de facto іске асырылмай қалған. Сонымен қатар прокуратура қызметінің жүйелік проблемалары айқындалған, атап айтқанда: тергеушілердің процессуалдық дербестігінің жеткіліксіздігі, заңдардың орындалуын парламенттік бақылаудың шектеулілігі, сондай-ақ барлық құқық қорғау органдарының мемлекет басшысына бағыныстылығы. Бұл жағдайлар прокурорлық қадағалаудың объективтілігіне күмән туғызады. Жүргізілген талдау негізінде президенттік-парламенттік басқару нысанына көшу жағдайында прокуратура органдарының мәртебесін оңтайландырудың неғұрлым перспективалы бағыты ретінде оларды Парламентке қайта бағындыру жөнінде ұсыныс негізделеді. Автор мұндай институционалдық өзгеріс биліктің тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін нығайтуға, прокурорлардың тәуелсіздігін арттыруға және заңдардың орындалуына нақты парламенттік бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін дәлелдейді.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жарияланды

2026-01-08

Журналдың саны

Бөлім

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ