МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ
Мемлекеттік заңды жетілдірудің бірнеше мәселелері ҚазақстанРеспубликасының референдумы туралыконституциялық заңдар
DOI:
https://doi.org/10.54649/2077-9860-2025-4-9-17Аңдатпа
Мақала Қазақстан Республикасындағы республикалық референдум институтын ха-лық билігінің тікелей жүзеге асырылуының ең жоғары нысаны ретінде кешенді талдауға арналған. Зерттеудің өзектілігі қолданыстағы заңнаманың халық билігі қағидаттарына сәй-кестігін бағалау және азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу тетіктерін жетілдіру қажеттілігімен айқындалады. Зерттеудің нормативтік негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы және салалық конституциялық заңдар құрайды.
Зерттеудің әдіснамалық негізін жалпы ғылыми және арнайы заңи әдістердің кешені құрайды. Олардың қатарына салыстырмалы-құқықтық, формальды-құқықтық, жүйелік және тарихи-құқықтық талдау әдістері жатады. Бұл әдістер Қазақстандағы референдум моделін шетелдік мемлекеттердің (Швейцария, Ұлыбритания, Германия және т.б.) тәжірибесімен салыстырып қарастыруға мүмкіндік берді. Мақалада референдумның мәні мен пәні, бүкіл-халықтық дауыс беруге шығаруға тыйым салынған мәселелердің толық тізбесі, сондай-ақ халықтық бастаманы іске асырудың күрделі көпсатылы рәсімі жан-жақты қарастырылады. Сонымен қатар Қазақстанда өткізілген референдумдар мен анықталған құқықтық бұзушы-лықтарды қамтитын құқық қолдану тәжірибесіне ерекше назар аударылады.
Автор конституциялық заңнаманы либералдандыру қажеттігін негіздей отырып, ре-ферендум өткізу жөніндегі бастаманы көтеру үшін қажетті қолтаңбалар санын қысқартуды, рәсімдерді жеңілдетуді, консультативтік және жергілікті референдум институттарын енгізуді, сондай-ақ халыққа конституциялық бастама құқығын беруді ұсынады. Автордың пікірінше, аталған шараларды іске асыру демократиялық процестерді дамытуға, мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға және «халық үнін еститін мемлекет» тұжырымда-масын іске асыруға ықпал етеді.
##plugins.themes.default.displayStats.downloads##
Жүктеулер
Жарияланды
Нұсқалар
- 2026-08-27 (2)
- 2026-01-08 (1)