ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ
Қазақстан республикасында вандализм үшін жауаптылықтың құқықтық реттелуі және алдын алу мәселелері
DOI:
https://doi.org/10.54649/2077-9860-2025-3-99-104Кілт сөздер:
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫАңдатпа
Мақалада вандализм құбылысының құқықтық табиғаты, оның қоғамдық қауіптiлiгi және Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттелу ерекшеліктері кешенді түрде қарастырылды. Зерттеудің өзектілігі қоғамдық орындардағы мүлікті бүлдіру, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорлау және қоғамдық инфрақұрылымға зиян келтіру фактілерінің көбеюімен байланысты. Мақалада вандализм үшін жауаптылықты белгілейтін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің нормаларына құқықтық талдау жасалады. Сонымен қатар құқықтық статистика деректері негізінде еліміздегі вандализм құқық бұзушылықтарының таралу динамикасы қарастырылады. Зерттеу барысында вандализмнің негізгі көрініс нысандары мен әлеуметтік-психологиялық себептері талданып, оның әртүрлі түрлеріне ғылыми жіктеу ұсынылады. Авторлар вандализмнің қоғамдағы құқықтық мәдениеттің деңгейімен, жастар арасындағы әлеуметтік мінез-құлық ерекшеліктерімен және қоғамдық мүлікке деген жауапкершілік деңгейімен тығыз байланысты екенін негіздейді.
Жүргізілген талдау нәтижесінде вандализмнің алдын алу тек құқықтық жауапкершілікті күшейту арқылы ғана емес, сонымен қатар азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға, қоғамдық мүлікті қорғау тетіктерін жетілдіруге және профилактикалық шараларды жүйелі түрде жүзеге асыруға бағытталған кешенді саясатты талап ететіні анықталды.