АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ

Тәжікстан республикасының азаматтық құқығындағы қаржылық қызметтердің мәні мен ұғымы мәселесі туралы

Авторлар

  • З.И.Исмоилова Каспий университеті Автор

DOI:

https://doi.org/10.54649/2077-9860-2025-3-52-62

Кілт сөздер:

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ

Аңдатпа

Мақалада Тәжікстан Республикасының заңнамасында «қаржылық қызмет» ұғымының заңдық анықтамасының болмауы мәселесі қарастырылды, бұл аталған санатты азаматтық құқық объектілерінің басқа түрлерінен ажырату барысында теориялық және құқық қолдану қиындықтарын туындатады. Банктік, сақтандыру және инвестициялық қызметтер сияқты қаржылық қызметтердің жекелеген түрлері зерттелгеніне қарамастан, отандық құқықтық ғылымда қаржылық қызметті тұтас құқықтық феномен ретінде кешенді доктриналық тұрғыдан зерделеу жүзеге асырылмағанын көрсетеді. Зерттеудің мақсаты – тәжік және шетелдік заңнамада, сондай-ақ ғылыми доктринада қаржылық қызмет ұғымын айқындау тәсілдерін талдау, авторлық анықтама әзірлеу және осы санаттың айқындаушы белгілерін анықтау.

Жүргізілген талдау негізінде автор қаржылық қызметтерді кәсіби қаржы институттарының ақылы негізде жүзеге асыратын, ақша қаражаттары мен активтерді басқаруға бағытталған әрекеттері ретінде түсінуді ұсынады, олардың нәтижесі заттай өнім емес, пайдалы әсер болып табылады. Қаржылық қызметтердің ерекшелігі олардың ерекше объектісімен (ақша қаражаттары, капитал) және субъектілік құрамымен айқындалатыны негізделіп, бұл олардың дербес құқықтық реттеуді және заңнамалық деңгейде бекітуді қажет ететіндігін көрсетеді

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жарияланды

2026-04-19

Журналдың саны

Бөлім

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ПРОЦЕСС