АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ

Қаржылық арбитр және банк омбудсманы: чехия және қазақстандағы соттан тыс дауларды шешу модельдерінің салыстырмалы талдау

Авторлар

  • Ю.В. Галинская Каспий университеті Автор

DOI:

https://doi.org/10.54649/2077-9860-2025-3-44-51

Кілт сөздер:

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ

Аңдатпа

Мақала тұтынушылар мен қаржы ұйымдары арасындағы дауларды соттан тыс реттеу тетігі ретінде қаржылық арбитр институтын зерттеуге арналған. Чехия мысалында «Қаржылық арбитр туралы» заңмен реттелетін қаржылық арбитр қызметінің құқықтық негіздері және олардың тұтынушылық дауларды баламалы реттеу жөніндегі Еуропалық одақ директиваларымен өзара байланысы талданды.

Чехияда қаржылық арбитр Үкімет тағайындайтын мемлекеттік орган болып табылады және әкімшілік іс жүргізу тәртібімен тұтынушылық кредиттер, сақтандыру, инвестициялық қызметтер және зейнетақы өнімдері саласындағы дауларды қоса алғанда, кең ауқымды дауларды қарайды. Тұтынушылық кредиттерге қатысты дауларды қарау тәжірибесіне, атап айтқанда, мерзімінен бұрын өтеу және қарыз алушының төлем қабілеттілігін бағалау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Зерттеу барысында Қазақстан Республикасындағы банк омбудсманы институтымен салыстырмалы талдау жүргізіліп, олардың құқықтық мәртебесі мен есептілігі арасындағы айырмашылықтар айқындалады. Еуропалық одақ елдеріндегі қаржылық арбитр институты қазақстандық омбудсман моделіне қарағанда анағұрлым ашық және тәуелсіз екендігі туралы қорытынды жасалды.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жарияланды

2026-04-19

Журналдың саны

Бөлім

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ПРОЦЕСС