АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ

Постсоциалистік даму жағдайындағы қазақстан мен қытайдың азаматтық құқығының принциптері: формалды Конвергенция және мазмұндық дивергенция

Авторлар

  • О.Т. Әлімов Каспий университеті Автор

DOI:

https://doi.org/10.54649/2077-9860-2025-3-26-33

Кілт сөздер:

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ

Аңдатпа

Мақала Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы азаматтық құқығының іргелі қағидаттарына салыстырмалы-құқықтық талдау жасауға арналған. Зерттеу нысаны ретінде теңдік, шарт еркіндігі, меншікке қол сұқпаушылық, адалдық пен әділеттілік қағидаттары, сондай-ақ екі мемлекеттің құқықтық тәртіптерінің ұлттық ерекшелігін бейнелейтін қағидаттар қарастырылды. Жұмыстың мақсаты – екі құқықтық жүйенің континенттік құқықтық дәстүрге жататындығына байланысты формалды ұқсастығына қарамастан, аталған қағидаттардың мазмұндық және функционалдық айырмашылықтарын айқындау. Зерттеудің әдіснамалық негізін салыстырмалы-құқықтық, тарихи-құқықтық және формальды-заңдық әдістер құрайды. Талдау барысында посткеңестік реформалар кезеңінде кодификацияланған Қазақстанның азаматтық құқығы либералдық-нарықтық модельді іске асыратыны анықталды, мұнда қағидаттар жеке автономияны қорғау мақсатында кепілдік және шектеуші функцияларды орындайды. Ал Қытай Халық Республикасының Азаматтық кодексі жеке құқық қағидаттарын «қытайлық ерекшелігі бар социализм» тұжырымдамасы шеңберінде айқындалған экономикалық және идеологиялық мақсаттарға қол жеткізу құралы ретінде пайдаланатын құқықтық гибрид болып табылады. Бұл меншік нысандарының иерархиясында, шарт еркіндігін «қоғамдық тәртіп» және «негізгі социалистік құндылықтар» санаттарымен шектеуде, сондай-ақ әділеттілік қағидатын әлеуметтік бағдарланған түсіндіруде көрініс табады. Қорытындыда құқықтық институттардың формалды конвергенциясы олардың мазмұны мен функционалдық мақсатының түбегейлі дивергенциясымен қатар жүретіні туралы тұжырым жасалады, бұл екі мемлекеттің саяси-экономикалық модельдеріндегі терең айырмашылықтарды көрсетеді.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жарияланды

2026-04-19

Журналдың саны

Бөлім

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ПРОЦЕСС