ЖАС ҒАЛЫМ МІНБЕРІ
Аттестаттау және оқыту мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру жолдары ретінде
DOI:
https://doi.org/10.54649/2077-9860-2024-2-72-78Кілт сөздер:
ЖАС ҒАЛЫМ МІНБЕРІАңдатпа
Мақалада автор мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттырудың бір жолы ретінде аттестаттау мен оқытудың өзектілігіне назар аударады. Бұл, ең алдымен, Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістердің тұрақты реформалануымен байланысты. Жаһандану және халықаралық қоғамдастыққа интеграциялану сияқты күрделі процестер мен мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігіне қойылатын талаптардың артуы жағдайында зерттеледі. Мемлекеттiк аппараттың тиiмдi жұмыс iстеуi көп жағдайда мемлекеттiк қызметшiлердiң құзыреттiлiгi мен кәсiптiк даярлық деңгейiне байланысты болғандықтан, оқыту мен аттестаттау мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн арттыруға бағытталған негiзгi құрал болып табылады деген қорытынды жасалған.