ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСС. АҚПАРАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК
Құқықтық қатынастар теориясы тұрғысынан қылмыстық жауаптылық пен қылмыстық қудалаудың арақатынасы мен өзара байланысы
Кілт сөздер:
құқықтық қатынас, құқықтық реттеу құралы, айыптау үкімі, қылмыстық жауаптылық, қылмыстық қудалау.Аңдатпа
Мақала қылмыстық құқықтық және қылмыстық іс жүргізу құқықтық қатынастары ретінде қылмыстық жауаптылық пен қылмыстық қудалаудың арақатынасы мен өзара байланысын зерттеуге арналған. Жұмыстың мақсаты – құқықтық қатынастардың жалпы теориясын талдау негізінде зерттеліп отырған құқықтық институттардың пайда болу және тоқтатылу сәттерін айқындау. Зерттеудің әдіснамалық негізін диалектикалық-материалистік тәсіл, жалпы ғылыми әдістер (талдау, синтез, жүйелік-құрылымдық, логикалық) және жеке ғылыми әдістер (формальды-заңдық, салыстырмалы-құқықтық, тарихи-құқықтық) құрайды. Авторлар құқықтық қатынас туралы ілімді сыни тұрғыдан қайта пайымдап, С.С. Алексеев ұсынған оның құрылымын екіжақты түсіндірудің жол берілетіндігіне күмән келтіреді және құқықтық қатынасты құқықтық реттеу құралы ретінде, ал нақты қатынасты оның пәні ретінде ажырату қажеттігін негіздейді. Қазақстан Республикасы Конституциясындағы кінәсіздік презумпциясы қағидатына және Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексі мен Қылмыстық процесстік кодексі нормаларын талдауға сүйене отырып, қылмыстық жауаптылық құқықтық қатынас ретінде қылмыс жасалған сәттен немесе тұлғаны айыпталушы ретінде тарту сәтінен емес, соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген сәттен бастап туындайды деген қорытынды жасалды. Қылмыстық қудалау, керісінше, процестің ертерек кезеңдерінде туындайды, ал процестік мәжбүрлеу шаралары оның құрылымына кіреді, бірақ қылмыстық жауаптылықты іске асыру нысаны болып табылмайды. Жұмыстың нәтижелері қылмыстық-құқықтық және қылмыстық іс жүргізу институттарының арақатынасын дұрыс түсіну үшін, сондай-ақ ескіру мерзімі, соттылық және алдын ала қамауда ұстау мерзімін есепке алу нормаларын тәжірибеде қолдану үшін маңызды.