АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСС
Шарттық құқықтағы «mitigation» доктринасы: салыстырмалы-құқықтық талдау және оны Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізу ерекшеліктері
Кілт сөздер:
шарттық жауапкершілік, залалды өтеу, mitigation қағидасы, залалдарды азайту міндеті, ағылшын шарттық құқығы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, салыстырмалы құқықтану.Аңдатпа
Мақалада ағылшын құқығында, халықаралық жеке құқықты біріздендіру актілерінде және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында «mitigation» доктринасының (несие берушінің залалдарды азайту жөніндегі міндеті) теориялық және тәжірибелік аспектілері зерттелді. Автор Англияның прецеденттік құқығында қалыптасқан митигацияның үш негізгі қағидасын, сондай-ақ сот тәжірибесінде қалыптасқан несие берушінің мінез-құлқының ақылға қонымдылық стандарттарын талдайды. Еуропалық шарттық құқықтың модельдік актілерінде (DCFR, PECL, PICC) және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 364-бабында осы институттың бекітілуіне салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізілді. Құқық қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды: Қазақстанның сот тәжірибесінің біркелкі еместігі, норманың ресми түсіндірмесінің болмауы және митигация тетігінің доктринада жеткіліксіз әзірленгендігі айқындалады. Зерттеу нәтижелері бойынша «mitigation» қағидасының элементтерін енгізу мақсатында ҚР АК-нің 364-бабын реформалау қажеттілігі негізделді, соның ішінде несие берушінің залалдарды азайту үшін шеккен ақылға қонымды шығындарын өтеу құқығын бекіту және осы институтты аралас кінә конструкциясымен шатастыруды болдырмау ұсынылады.