АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСС
Қарыз алушы қайтыс болған кездегі міндеттемедегі құқықтық мұрагерлік және кепілдің жауапкершілік шегі: кепілдікті сақтау шарты бойынша келісім мәселесі
Кілт сөздер:
кепілдік, поручительство, борышкердің қайтыс болуы, қарыз алушы, мұрагерлер, міндеттеменің тоқтатылуы, борышкердің тұлғасы, заң аналогиясы.Аңдатпа
Мақала негізгі міндеттеме бойынша борышкер қайтыс болған жағдайдағы кепілдің міндеттемесінің құқықтық табиғатын талдауға арналған. Автор Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 25 қарашадағы № 7 нормативтік қаулысында баяндалған және Жоғарғы Соттың Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 13 наурыздағы қаулысымен расталған құқықтық ұстанымды сын тұрғысынан бағалайды, оған сәйкес қарыз алушының қайтыс болуы кепілдік бойынша міндеттемелерді тоқтатпайды, ал кепіл толық көлемде жауапты болып қала береді. Жұмыста кепілдіктің нақты борышкердің тұлғасымен тығыз байланысты міндеттеме екендігі негізделді. Қарыз алушының қайтыс болуы міндеттемедегі борышкердің оның мұрагерлерімен ауыстырылуына әкеледі, бұл ҚР Азаматтық кодексінің 336-бабының 2-тармағына ұқсастық бойынша кепілдің жаңа борышкер үшін жауап беруге келісімін талап етеді. Мұндай келісім болмаған жағдайда кепілдік тоқтатылуға тиіс. Кепіл мұрагерлер үшін жауап беруге келісім берген жағдайда оның жауапкершілік көлемі мұрагерлерге өткен мүліктің құнымен шектелуге тиіс (ҚР АК-нің 332-бабының 2-тармағы және 1081-бабы). Автор борышкерді ауыстыруды борышты аударумен байланысты емес негіздер бойынша құқықтық реттеуде заңнамалық олқылықтың бар екендігі туралы қорытындыға келеді және оны заң аналогиясы арқылы толықтыруды, сондай-ақ Қазақстанның азаматтық заңнамасында кепілдік институттарын кешенді түрде жаңғырту қажеттігін ұсынады.