МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ
Қоғамдық пікірдің интернет желісінде көрініс табудың кейбір теориялық құқықтық аспектілері
DOI:
https://doi.org/10.54649/2077-9860-2021-4-9-13Аңдатпа
Мақалада интернетте қоғамдық пікірдің көрініс табудың кейбір мәселелері қарастырылған. Қоғамдық пікірді қоғамдық пен құқықтық санамен бірге және оның оларға қандай әсер көрсетумен бірге қарастыруға әрекет жасалды. Мемлекет тарапынан қоғамдық пікірге оң көзқарас қажеттігіне назар аударылып, азаматтардың мемлекетпен өзара іс-қимылын жақсартуда мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың қоғамдық пікірді ескеру маңызды рөл атқаруы тиіс екендігі атап өтілді. Автор қоғамдық пікірдің адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау деңгейіне ықпал ету мүмкіндігіне назар аудара отырып, интернет кеңістігінде қоғамдық пікірді көрсету мәселелерін атап көрсетеді. Қоғамдық пікір теориясындағы әртүрлі тәсілдер, бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық пікірге әсері, сонымен қатар демократиялық қоғамдағы қоғамдық пікірдің атқаратын рөлі талданады. Қоғамдық пікірге әсер ететін факторлар мен қоғамдық пікірдің құқық қолданушыға әсері қарастырылады.