АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ПРОЦЕСС
Сот қалауының шегі туралы
DOI:
https://doi.org/10.54649/2077-9860-2022-4-36-39Аңдатпа
Мақалада автор сот жүйесін реформалау жөніндегі жобада ұсынылған кейбір ұсыныстарға назар аударады. Судьяларға заң қағидаттары негізінде шешім қабылдау мүмкіндігін беру туралы ұсынысқа ерекше назар аударылады. Дегенмен қазақстандық сот тәжірибесінде, судьялардың құқықтық нормаларды тым сөзбе-сөз, формальды түрде түсіну мәселесі жиі кездесетінін, соның салдарынан әділетсіз сот актілері шығарылатындығын есепке ала тұра, осыған қоса Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларын ескермейтіні атап өтіледі. Осылайша, сот қалауының шегін анықтау және бұл мәселеде Жоғарғы Соттың рөлін анықтау туралы сөз айту орынды деген пікір айтылады.