ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ

Қазақстан Республикасында дәрілік дәрілер айналымының қағидалары мен ережелері

Авторлар

  • Сатбаева Айжан Мұратқызы Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті, Бизнес және Құқық Жоғары мектебі Автор
  • Калимбекова Асель Рахатовна Каспий университеті Автор

DOI:

https://doi.org/10.54649/2077-9860-2022-4-20-30

Аңдатпа

Ұсынылған мақалада Қазақстан Республикасындағы дәрілік заттардың айналымының түсінігі, қағидалары, ережелері мен сатылары ашып қарастырылған. Мақала ішінде адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін дәрілік заттардың қауіпсіздігінің, тиімділігінің және сапасының кепілдіктерін қамтамасыз етуде, дәрілік заттарды тұтынушыларының өмірі мен деңсаулығын қорғау,  тұтынушыларды адастыратын әрекеттерге жол бермеу аясында өзара мүдделерді ескере отырып, дәрілік заттардың айналымы саласындағы келісілген саясатты жүзеге асыру тәртібі туралы сөз айтылған.Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және фармацевтикалық қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамасының дәрілік заттар айналымының барлық кезеңдерінде туындайтын құқықтық қатынастарға әсері қарастырылады. Бұл саладағы негізгі мәселелер анықталды. Денсаулық сақтау және фармацевтикалық қызмет саласындағы дамыған заңнамасы бар кейбір шет мемлекеттердің оң тәжірибесі зерттелуде.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жарияланды

2023-01-04

Журналдың саны

Бөлім

ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ