ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСС
Қылмыстық іс жүргізу заңнамасындағы жаңа өзгерістер
DOI:
https://doi.org/10.54649/2077-9860-2022-3-39-46Аңдатпа
Мақалада қылмыстық іс жүргізу заңнамасындағы жаңа өзгерістер мәселелері қарастырылған. Атап айтқанда «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен Қазақстан Республикасы Президентінің бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көрсетілген қылмыстық іс жүргізу құқығын жаңғырту жөніндегі жаңа бастамаларының практикаға ену мәселелері талданып, қарастырылады. ҚР Қылмыстық процестік кодекстің нормалары талданады. Автор ҚР Президентінің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында судьялар корпусын «сауықтыруға» баса назар аударылғанына дұрыстығын атап кетеді. Мақалада шет елдердің, атап айтқанда Германия, Италияның қылмыстық процестік заңнамасына, шолу жасалынады. Германия, Италия ҚПК ережелеріне талдау жасалынады.