ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ
DOI:
https://doi.org/10.54649/2077-9860-2022-3-14-24Кілт сөздер:
Қазақстан Республикасындағы дәрілік заттардың түсінігі және айналымының сатыларыАңдатпа
Ұсынылған мақалада Қазақстан Республикасындағы дәрілік заттардың айналымының түсінігі, принциптері, ережелері мен сатылары ашылған. Осында адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін дәрілік заттардың қауіпсіздігінің, тиімділігінің және сапасының кепілдіктерін қамтамасыз етуде, тұтынушыларды адастыратын әрекеттерге жол бермеу үшін, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауда өзара мүдделерді ескере отырып, дәрілік заттардың айналымы саласындағы келісілген саясатты іске асыру тәртібі туралы сөз болып отыр. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және фармацевтикалық қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамасының дәрілік заттар айналымының барлық сатыларында туындайтын құқықтық қатынастарға әсері қарастырылады. Бұл саладағы негізгі мәселелер анықталды. Денсаулық сақтау және фармацевтикалық қызмет саласындағы дамыған заңнамасы бар кейбір шет мемлекеттердің оң тәжірибесі зерттелуде.