САЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ

Ресей және Қазақстандағы трансферттік бағаларды белгілеу туралы келісімдерді жасау тәртібін жетілдіру: салыстырмалы құқықтық талдау

Авторлар

  • Белых Владимир Сергеевич Автор
  • Стадник Татьяна Владимировна Автор

DOI:

https://doi.org/10.54649/2077-9860-2022-1-46-52

Аңдатпа

Мақалада Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы (ЭЫДҰ) елдеріндегі, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасындағы трансферттік баға белгілеу туралы келісімдерді қарау және жасасу тәртібіне салыстырмалы талдау жасалған. Зерттелетін мәселелерге трансферттік баға белгілеу шартының тараптарын анықтау, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, кәсіпкерлердің шарт жасасу туралы өтініші бойынша түпкілікті шешім қабылдау мерзімдері, сондай-ақ оған қол қою үшін қажетті құжаттар тізбесі жатады. Баға белгілеу туралы келісімдердің мәніне, атап айтқанда, оларды салықтық бақылау түрлерінің біріне немесе салық салу саласындағы қатынастарды реттеудің шарттық нысанына жатқызуға қатысты зерттеу жүргізіліп, азаматтық құқық ғалымдары арасында пікірталастар ұсынылды. Мемлекет пен бизнес үшін трансферттік баға белгілеу келісімдерінің жағымды және жағымсыз жақтары айқындалды. Баға туралы келісімдер мемлекеттік және жеке мүдделердің теңгеріміне қол жеткізуге, трансферттік бағаларды қолданудың келеңсіз аспектілерін бейтараптандыруға, соның ішінде кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасындағы көптеген даулар мен сот процестерін азайтуға жәрдемдесетіні атап өтілген. Ресей мен Қазақстанның трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына салық салу мақсатында трансферттік баға белгілеу туралы келісімдер жасау тәртібін жетілдіру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар енгізілді.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жарияланды

2022-04-07

Журналдың саны

Бөлім

САЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ