АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ПРОЦЕСС
Цессия түсінігі: қазіргі концепцияның қалыптасуының тарихи алғышарттары
DOI:
https://doi.org/10.54649/2077-9860-2022-1-29-37Аңдатпа
Мақалада цессия түсінігі қарастырылады. Автор заманауи концепцияның қалыптасуының тарихи алғы шарттарына назар аударады. Бұл мақалада соңғы екі мың жылдағы «цессия» терминінің әртүрлі құқықтық түсініктерге қолданылуын қарастыруға талпыныс жасалды. Автор қазіргі таңда талап ету құқығын басқаға беру мәселесін көптеген зерттеушілер бұл ұғымның Рим құқығында қалыптасуының тарихи аспектілерін қарастыратынын атап көрсетеді. Дегенмен, Рим құқығына cessio bonorum түсінігін енгізу мәселесі көптеген зерттеулердің шеңберінен тыс қалып отыр. Рим құқығы көптеген елдерде азаматтық заңнаманың қалыптасуына әсер етті, ал міндеттемелікқұқығы римдіктер арасында өзінің ең үлкен дамуына жетті. Ал қазіргі таңда азаматтық әртүрлі құқықтық құрылымдарда цессия жасауға мүмкіндік береді.