АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ПРОЦЕСС
Қазақстанның инвестициялық заңнамасы: өткені, бүгіні және болашағы
DOI:
https://doi.org/10.54649/2077-9860-2023-3-54-60Аңдатпа
Бұл мақала Қазақстан Республикасындағы инвестициялық заңнаманың қалыптасуы мен дамуын зерттеуге арналған. Автор 1990 жылдан қазіргі уақытқа дейінгі Қазақстандағы инвестициялық заңнаманың дамуының бес кезеңін белгілейді. Автор инвестициялық заңнаманы дамытудың әрбір кезеңін сипаттап, барлық қабылданған заңнамалық актілергежәне ел экономикасына инвесторларды тарту мақсатында жүзеге асырылған реформаларға талдау жүргізеді. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру бағытында байыпты қадамдар жасалып, бұл бағытта белгілі нәтижелерге қол жеткізілгенімен, проблемалардың да бар екендігі атап өтіледі. Елдегі инвестициялық саясаттағы түбегейлі өзгерістер, мемлекеттік басқару жүйесіндегі бітпейтін реформалар, инвесторлардың қызметін реттейтін түрлі мемлекеттік органдардың құрылуы Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына кері әсерін тигізетіні атап өтілді. Осыған байланысты автор инвесторлардың құқықтарын тиісінше қорғауды қамтамасыз ету үшін салықтық преференциялар беру саласындағы инвестициялық саясатты өзгерту, Қазақстанның инвестициялық және салық заңнамасын жетілдіру қажет деген қорытындыға келеді.