ЖАС ҒАЛЫМ МІНБЕРІ
Азаматтық кодексте заттық құқық: теориялық және практикалық аспектілері
DOI:
https://doi.org/10.54649/2077-9860-2024-4-73-80Аңдатпа
Мақала азаматтық құқықтағы заттық құқықтар институтын, оның тарихи дамуы мен Қазақстан Республикасындағы қазіргі қолданылуын зерттеуге арналған. Негізгі назар заттық құқықтарды түсіндіруге және жіктеуге аударылады, олар мүліктік қатынастарды реттеп, субъектілердің құқықтарын меншік құқығы және онымен байланысты өкілеттіктер арқылы қорғайды. Зерттеудің мақсаты – заттық құқықтардың мәнін, ерекшеліктерін және олардың азаматтық құқық жүйесіндегі орнын талдау, сондай–ақ рим құқықтарының қазіргі заманғы заттық құқықтарға әсерін зерттеу. Автор заттық құқықтың объектісіне қатысты әртүрлі теорияларды қарастырады және әртүрлі құқықтық жүйесі бар елдер арасындағы заңнамалық айырмашылықтарды тудыратын негізгі тұстарды атап көрсетеді. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы заттық құқықтар теорияларын жинақтау және олардың Қазақстандағы құқық қолдану практикасына сәйкестігін көрсету болып табылады. Практикалық маңыздылығы – қазақстандық заңнама мен сот тәжірибесін талдауында, бұл зерттеу мүліктік дауларды реттеу және заңнаманы әзірлеумен айналысатын заңгерлер үшін құнды болып табылады. Зерттеудің әдіснамасы салыстырмалы–құқықтық талдауға, тарихи әдіске, сондай–ақ заңнама мен сот тәжірибесін талдауға негізделген. Негізгі нәтижелер заттық құқықтарды жіктеуге қатысты, автор оларды меншік құқығы және басқа біреудің мүлкіне құқықтар деп бөледі. Сондай-ақ меншік құқығының негізін құрайтын билік ету, пайдалану және иелену сияқты өкілеттіктер құрылымы талданады. Мақалада заттық құқықтардың абсолютті сипатының маңыздылығы атап өтілген, бұл субъектке үшінші тұлғалардың араласуынсыз мүлікке тікелей әсер етуге мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелерінің практикалық мәні мүліктік қатынастарды реттеу тәжірибесінде ұсынылған қорытындыларды қолдану мүмкіндігінде.