ЖАС ҒАЛЫМ МІНБЕРІ

Қазақстан Республикасының заттық құқықтарын құқықтық реттеу саласындағы мәселелер

Авторлар

  • Сейтова Алина Қуандыққызы Каспий университеті Автор

DOI:

https://doi.org/10.54649/2077-9860-2024-3-99-105

Аңдатпа

Заттық  құқықтар Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінде маңызды рөл атқарады, заттық қатынастарды реттеп, меншік иелері мен өзге субъектілердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді. Бұл зерттеу Қазақстан Республикасындағы заттық құқықтардың құқықтық реттелуіндегі мәселелерді анықтауға бағытталған. Мақаланың негізгі мақсаты – заттық құқықтар саласындағы заңнамалық нормалар мен құқық қолдану тәжірибесін талдап, құқықтық реттеудегі олқылықтар мен қайшылықтарды анықтау. Зерттеу әдістемесі заттық құқықтардың әртүрлі элементтерінің көп құрамдылығын және өзара байланыстылығын ескеруге мүмкіндік беретін жүйелі тәсілге негізделген. Қазақстан, Франция және Германияның нормативтік актілеріне салыстырмалы құқықтық талдау жүргізілді, нәтижесінде қазақстандық заңнамадағы оң аспектілер мен олқылықтар анықталды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, Қазақстан Республикасындағы заттық құқықтардың құқықтық реттелуіндегі басты мәселе – осы құқықтарды белгілеу мен қорғау механизмдерін реттейтін нормалардың жеткіліксіз детальдануында. Атап айтқанда, сервитуттарды реттеу мәселелері жеткілікті түрде жүйеленбеген, бұл олардың тәжірибеде қолданылуын қиындатады. Сонымен қатар, заттық құқықтарды тіркеуде және заттық құқықтардың міндеттемелік құқықтарға басымдығын анықтауда құқықтық салдарлармен байланысты қиындықтар туындайды. Осы зерттеудің құндылығы нормативтік базаны және Қазақстандағы заттық құқықтарды қолданудың практикалық аспектілерін кешенді түрде талдауда. Жұмыс азаматтық құқық саласындағы құқықтық реттеуді жетілдіруге үлес қосып, құқық қолдану тәжірибесін жақсарту бойынша ұсыныстарды ұсынады. Мақаланың практикалық маңызы оның нәтижелері Қазақстан Республикасының заттық құқықтарды реттейтін заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге ұсыныстар әзірлеуде және меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғау тиімділігін арттыруда қолданылуы мүмкін.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жарияланды

2024-10-04

Журналдың саны

Бөлім

ЖАС ҒАЛЫМ МІНБЕРІ