ЖАС ҒАЛЫМ МІНБЕРІ
Балаларды отбасындағы зорлық-зомбылықтан қорғау: Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнаманың тиімділігін талдау
DOI:
https://doi.org/10.54649/2077-9860-2025-1-122-128Аңдатпа
Бұл мақала Қазақстан Республикасының балаларды отбасылық зорлық-зомбылықтан қорғау саласындағы қолданыстағы заңнамасының тиімділігін талдауға арналған. Жұмыста отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған құқықтық және институционалдық шаралар қарастырылады. Автор қылмыстық-құқықтық және әкімшілік тетіктерді зерттейді, заңнаманы қолдану тәжірибесінде бар проблемаларды анықтайды, сондай-ақ оны одан әрі жетілдіру бағыттарын ұсынады. Ведомствоаралық өзара іс-қимылдың және балаларды қорғау жүйесінің негізгі буындары ретінде отбасын қолдау орталықтарының жұмыс істеуінің маңыздылығы атап өтіледі.