ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСС

Камералық жағдайларда ұстаумен бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу ерекшеліктері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.54649/2077-9860-2025-1-100-105

Аңдатпа

Мақала «AP23485634 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы қазақстандық пенитенциарлық жүйенің қазіргі заманғы трансформациясы»; 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсы шеңберінде ұсынылып отыр. Мақалада Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес, сотталғандарды камералық жағдайларда ұстаумен бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу ерекшеліктері, Қазақстанның пенитенциарлық жүйе моделін одан әрі трансформациялау аясында қарастырылады. Жазаны өтеудің ерекшеліктеріне талдау жасалған. Зерттеудің мақсаты камералық оқшаулаудың құқықтық сипатын анықтау, оны қолдану негіздерін анықтау және оның пенитенциарлық мекемелердегі қауіпсіздік пен қорғалуды қамтамасыз етудегі маңыздылығын бағалау болды. Әдістемелік негіз Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің ережелерін нормативтік талдаудан, камералық жағдайлардың дамуының тарихи және құқықтық талдауынан және шетелдік пенитенциарлық тәжірибені (АҚШ және Еуропа елдерінде) салыстырмалы зерттеуден тұрады. Мақалада камералық модель элементтерін енгізу сотталғандардың белгілі бір санаттарының теріс әсерін бейтараптандыру және режимнің саралануын қамтамасыз ету қажеттілігінен туындайтынын ескере отырып, камералық жағдайларды енгізудің алғышарттарына назар аударылады, сотталғандарды орналастыру, оларды ұстау режимі және бақылау механизмдері сипатталады.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жарияланды

2025-04-11

Журналдың саны

Бөлім

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ