АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ

Қазақстан Республикасының заңнамасындағы зияткерлік меншік саласындағы жарамыз мәмілелер

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.54649/2077-9860-2025-1-78-86

Аңдатпа

Автор атап кеткендей, соттың мәмілені жарамсыз деп тануы Қазақстан Республикасындағы азаматтық құқықтарды қорғаудың ең көп қолданылатын тәсілдерінің бірі болып табылады. Соңғы жылдары даулардың және қанағаттандырылған талаптардың санының өсуі осыны дәлелдейді. Зияткерлік меншік саласындағы заңнама мәмілелерді жарамсыз деп тану бөлігінде өзіндік ерекшеліктерге ие. Азаматтық қатынастарға қатысушылар жиі міндетті құқықтық талаптарды елемей, нәтижесінде мәмілелердің толық немесе ішінара жарамсыздығына әкеліп соғады. Мақалада Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасындағы жалпы негіздермен қатар, зияткерлік меншік саласындағы заңнамада көзделген арнайы негіздер қарастырылады. Нотижелік мәмілелер сот арқылы да жарамсыз деп танылуы мүмкін екендігі көрсетіледі. Заң талаптарын бұзу құқық бұзылғанға дейінгі жағдайды қалпына келтіруді, залалды толық өтеуді, соның ішінде жіберілген пайданы, моральдық зиянды және өтемақыны қамтиды. Мақалада зияткерлік меншік саласындағы мәмілелердің құқықтық нормаларға толық сәйкес болуы азаматтық айналым тұрақтылығының кепілі екені қорытындыланады.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жарияланды

2025-04-11

Журналдың саны

Бөлім

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ПРОЦЕСС