МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ

Студенттердің оқудан тыс белсенділігі “Әділет” Жоғары құқық мектебінің студенттерінің өзін-өзі дамыту нысаны ретінде

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.54649/2077-9860-2025-1-9-19

Аңдатпа

Университет түлектері қазіргі уақытта кең ауқымды құзыреттерге ие болуы керек, мысалы, әлеуметтік маңызды мәселелерді талдау, тиімді басқару шешімдерін табу, әлеуметтік маңызды қажеттіліктерді анықтау. Студенттік белсенділігінің әртүрлі нысандарының арқасында бұл құзіреттіліктерді жастардың бойына сіңіруге және сол арқылы олардың кәсіби жарамдылығын арттыруға болады. «Әділет» Жоғары құқық мектебінде студенттердің сабақтан тыс жұмысына көп көңіл бөлінеді. Оқудан тыс жұмыс «Әділет» Жоғары құқық мектебінің оқу-тәрбие процесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Мақалада студенттердің тұлғалық дамуы мен тәрбиесінің факторы ретінде оқудан (сабақтан) тыс жұмыстың ерекшеліктері қарастырылады. Сабақтан тыс жұмыс жүйенің барлық белгілері (мақсаты, міндеттері, функциялары, құрылымы, мазмұны, нысандары, әдістері және құралдары) бар біртұтас ұүрылым ретінде қарастырылады. Студенттермен оқудан тыс жұмыс мамандар даярлау процесінің маңызды бөлігі болып табылады және білім берудің өзекті мәселелерін шешуге жауапты құралдар мен іс-әрекеттер жүйесін құру, терең кәсіби білімі мен дағдыларын, жоғары рухани-адамгершілік қасиеттерін біріктіретін, құқықтық және коммуникативті мәдениеті бар, өзін-өз ішығармашылық тұрғыдан көрсете алатын және белсенді түрде азаматтық позицияны ұстанатын университет түлектерінің тұлғалық және кәсіби дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында жүзеге асырылады

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жарияланды

2025-04-11

Журналдың саны

Бөлім

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ