ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ КРИМИНОЛОГИЯ
Этникалық және діни ортадағы экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мәселелері
DOI:
https://doi.org/10.54649/2077-9860-2025-2-91-95Аңдатпа
Мақалада этникалық және діни ортадағы экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мәселелері қарастырылып, олардың Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне төндіретін қатері талданады. Экстремизм мен терроризмнің таралуына әсер ететін әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени себептер, соның ішінде дағдарыстық құбылыстар мен этносаралық және конфессияаралық қайшылықтар зерттеледі. Ерекше назар діни экстремизмге, оның терроризм мен байланысына және діни догмаларды саяси мақсатта пайдалануға аударылады. Экстремизм мен терроризмнің трансұлттық сипаты халықаралық ынтымақтастықты және заңнаманы жетілдіруді, сондай-ақ алдын алу шараларын және құқықтық мәдениетті арттыруды талап ететіні көрсетіледі. Зерттеу ғылыми еңбектерді, құқықтық және саяси тәжірибе материалдарын және нормативтік құқықтық актілерді талдауға негізделген. Экстремизмнің этникалық және діни ортада көрініс табу ерекшеліктері мен этносаралық және конфессияаралық қайшылықтардың радикалды көзқарастардың қалыптасуына ықпалы қарастырылады. Құқықтық, әлеуметтік және саяси ша раларды қамтитын кешенді тәсілдің қажеттілігі атап өтіледі. Зерттеу нәтижелері экстремизм мен терроризмнің алдын алу тетіктерін жетілдірудің негізгі бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді