ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ
Теориялық және заңдық негіздері басқару процедураларында сәйкестік принципін пайдалану
DOI:
https://doi.org/10.54649/2077-9860-2025-2-45-57Аңдатпа
Мақалада әкімшілік құқық теориясында және Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасында сәйкестік (пропорционалдылық) принципінің түсінігі мен мазмұны қарастырылған. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 10-бабында бекітілген сәйкестік принципінің құрамдас элементтері – жарамдылық, қажеттілік және пропорционалдылық критерийлеріне жан-жақты талдау жасалған. Аталған принциптің заңдылық, әділеттілік және әкімшілік рәсімдерге қатысушылардың құқықтарын қорғау принциптерімен өзара байланысы зерттелген. Әкімшілік ерік (дискреция) шеңберіндегі соттық бақылаудың шетелдік тәжірибесі талданған. Әкімшілік рәсімдер туралы қолданыстағы заңнаманың жекелеген олқылықтары анықталып, әкімшілік еріктің шектерін нақтылау және заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізілген.