ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ
Қазақстан республикасы мен Қытай Халық республикасының заңнамасы бойынша экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық: салыстырмалы-құқықтық талдау
DOI:
https://doi.org/10.54649/2077-9860-2025-3-80-87Кілт сөздер:
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫАңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының заңнамасы бойынша экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылыққа кешенді салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізілді. Зерттеудің өзектілігі қазіргі экономикалық қылмыстылықтың трансұлттық сипатымен және оған қарсы іс-қимыл жасаудың ұлттық тәсілдерін үйлестіру қажеттілігімен айқындалады. Автор екі мемлекеттің қылмыстық кодекстеріндегі экономикалық қылмыстар туралы нормалардың құрылымы мен жүйелілігін талдап, негізгі құрамдарды (салықтық, қаржылық қылмыстар) саралаудағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтайды, сондай-ақ санкциялар мен құқық қолдану тетіктерін салыстырады. Экономикалық қылмыстылыққа қарсы іс-қимылдың институционалдық аспектілеріне және халықаралық стандарттарды, атап айтқанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының ережелерін имплементациялау мәселесіне ерекше назар аударылды. Зерттеу нәтижесінде қазақстандық модельдің қылмыстық саясатты ізгілендіруге және келтірілген зиянды ерікті түрде өтеуді ынталандыруға бейім екендігі, ал қытайлық модельдің қатаң орталықтандырумен, репрессивті сипатымен және партиялық-тәртіптік тетіктерді қолданумен ерекшеленетіні анықталды. Қорытынды бөлімде қылмыстық қудалаудың тиімділігі мен адам құқықтарын сақтау арасындағы теңгерімді табу қажеттілігі негізделіп, халықаралық стандарттарды ескере отырып, екі елдің заңнамасын үйлестірудің перспективалары айқындалды.