АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ПРОЦЕСС
Азаматтың өз бейнесіне құқығын қорғаудың нормашығармашылық және практикалық аспектілері
DOI:
https://doi.org/10.54649/2077-9860-2023-3-61-69Аңдатпа
Мақалада автор азаматтың өз бейнесіне құқығын қорғаудың нормашығармашылық және практикалық аспектілерін қарастырады. Ол азаматтың жеке бейнесіне қол сұғылмаушылық құқығының жеке мүліктік емес құқықтары санатына жататынын айта келе, сонау 2004 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Азаматтық істер алқасы сот тәжірибесін қорытындылай келе жеке мүліктік емес құқықтарды қорғау мәселелері бойынша өз бейнесін қорғау құқығын заңнамалық реттеудегі кемшіліктерді көрсетті. Жеке тұлғаның бейнесіне құқықты қорғаудың ағымдағы тәсілдеріне әсер етуі тиіс 2023 жылы бір уақытта үш заң жобасын талқылау барысын ескере отырып, автор ұсынылып отырған түзетулер азаматтардың өз бет-бейнесіне қол сұғылмаушылық құқықтарына қатысты құқық бұзушылықтарға елеулі алғышарттар жасайтынын және шектен тыс сот дискрециясына жол ашу мүмкіндігін атап өтеді және автордың пікірінше, жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқығының конституциялық-құқықтық табиғатына сәйкес келмейдң осы құқықтың шектелуі жан-жақты айқындалуы тиіс және мұқият зерделеуді талап етеді.