ЖАС ҒАЛЫМ МІНБЕРІ
Қазақстандағы цифрлық активтерді құқықтық реттеудің мәселелері мен болашағы
DOI:
https://doi.org/10.54649/2077-9860-2025-1-138-145Аңдатпа
Осы мақаладағы зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтерді реттеу саласындағы өзекті мәселелер мен заңнамалық олқылықтарды анықтап, халықаралық тәжірибені ескере отырып құқықтық базаны жетілдіру бағыттарын ұсыну. Жұмыста Еуропалық одақ, АҚШ және Сингапурдағы реттеу модельдеріне салыстырмалы-құқықтық талдау жасалып, шетелдік тәсілдердің күшті жақтары мен оларды қазақстандық құқықтық жүйеге бейімдеу мүмкіндіктері айқындалды. Зерттеу нәтижесінде кейбір цифрлық актив түрлерінің (әсіресе NFT және утилити-токендердің) құқықтық мәртебесі реттелмегені анықталды. Сонымен қатар, кастодиандар мен құқықтық делдалдардың қызметін бақылау, сондай-ақ салық салу мәселелері бойынша реттеу тетіктері жоқ. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) нормалары мен ұлттық заңнама арасындағы қайшылықтар да бизнес пен инвесторлар үшін қиындықтар тудырып отыр. Позитив мысал ретінде Алматы қаласының экономикалық сотының криптовалютаны азаматтық құқық нысаны ретінде тану туралы шешімі қарастырылды.
Автор қолданыстағы заңнаманы келесі бағыттар бойынша жетілдіру қажет деген қорытындыға келеді: цифрлық активтерді жіктеуді бекіту, криптонарық қатысушыларын лицензиялау және жеке салықтық режим енгізу. Жүйелі көзқарас қалыптастыру үшін ЕО мен Сингапур тәжірибесін үлгі ретінде қолдану ұсынылады.