САЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ
Қазақстанның салықтық келісімдерін Көпжақты конвенция арқылы өзгерту
DOI:
https://doi.org/10.54649/2077-9860-2025-1-87-93Аңдатпа
Мақала салық салу базасын размыту мен пайданы жасырын шетелге шығаруға қарсы бағытталған салықтық келісімдер шеңберіндегі шараларды іске асыруға, көпжақты конвенцияның (MLI) Қазақстанның салықтық келісімдеріне әсерін талдауға арналған. Автор салықтық заңнамадан жалтаруға қарсы бағытталған MLI ережелерін қарастырады. Конвенцияның ережелері екі топқа бөлініп сипатталған: міндетті және ерікті ережелер. Мақалада қос резиденттік мәселесі, салықтық жеңілдіктерді теріс пайдалану, тұрақты өкілдік мәртебесінен жалтару, дивидендтерді аудару секілді проблемалар қарастырылған. Қазақстан Республикасы MLI Конвенциясына сәйкес 53 салықтық келісімінің кіріспе бөлімдерін өзгерткеніне ерекше назар аударылады, бұл өз кезегінде нақты практикалық мәнге ие. Жаңартылған кіріспе салық төлеушілер мен салық органдарына салықтық келісімдердің негізгі мақсаттары ретінде қосарланған салық салу ауыртпалығынан босату ғана емес, сонымен қатар қосарланған жалтаруды немесе салықтан жалтаруды болдырмау екенін көрсетеді. Сондай-ақ комиссиялық келісімдер мен ұқсас тәсілдер арқылы тұрақты өкілдік мәртебесінен жалтару мәселесі жеке талданған. Өзара келісу рәсімдеріне енгізілген өзгерістерге ерекше мән берілген. Автор Қазақстан ұстанымының өзге мемлекеттердің ұстанымдарымен қаншалықты үйлесетінін бағалап, салық төлеушілер үшін болуы мүмкін құқықтық салдарларына қорытынды жасаған.