ЖАС ҒАЛЫМ МІНБЕРІ

Қазақстандағы цифрлық активтерді реттеудегі АХҚО-ның рөлі: мәселелер мен шектеулер

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.54649/2077-9860-2025-2-144-153

Аңдатпа

Мақаланың мақсаты – Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) нормативтік база сына талдау жүргізу, АХҚО юрисдикциясы аясындағы цифрлық активтерді реттеу саласындағы негізгі мәселелер мен шектеулерді анықтау, сондай-ақ оны ұлттық құқықтық жүйемен және халықаралық стандарттармен үйлесімділік тұрғысынан бағалау. Зерттеу нәтижесінде АХҚО-ның институционалдық жетістіктеріне қарамастан, бірқатар түйткілдер сақталып отырғаны анықталды: ұлттық заңнамадағы қайшылықтар, құқықтық алаңның фрагменттелуі, банк секторымен толық интеграцияның болмауы, регуляторлық ар битраж тәуекелдері және құрылған модельдің Қазақстан аумағында кеңінен қолданылуының шектеулілігі. Зерттеудің құндылығы – құқықтық режимдерді үйлестіру, нормативтік олқылықтарды жою және цифрлық активтердің орнықты дамуына бағытталған бірыңғай құқықтық орта қалыптастыру бойынша жүйелі шараларды ұсынуында. Жұмыстың практикалық маңызы – оның нәтижелері нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуде, АХҚО-ның институционалдық стратегиясын қалыптастыруда, сондай-ақ цифрлық экономика мен финтех бастамалар саласындағы ұлттық саясатты әзірлеуде қолданылуы мүмкін.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жарияланды

2025-07-11

Журналдың саны

Бөлім

ЖАС ҒАЛЫМ МІНБЕРІ