МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ

Пациенттік экстремизмі: түсінігі және қарсы әрекет әдістері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.54649/2077-9860-2025-2-110-117

Аңдатпа

Бұл мақалада «пациенттік экстремизм» түсінігі, оның пайда болу себептері, көріністері және оған қарсы тұру жолдары қарастырылады. Қазақстан Республикасы мен шет елдердегі халықтың денсаулық сақтау жүйесіне қанағаттанушылық деңгейіне қатысты социологиялық зерттеулер ге шолу жасалып, азаматтардың қанағаттанбауы аталған құбылыстың туындауына әсер ететіні, сондай-ақ оның өзге себептері талданады. Автор медициналық көмектің сапасына пациенттердің талаптарының және хабардарлық деңгейінің артуына, сондай-ақ дәрігерлер мен пациенттер арасындағы қақтығыстарды жария лау арқылы отандық медицинаның жағымсыз бейнесін қалыптастыратын бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалына назар аударады. Астана қаласында жүргізілген сауалнама нәтижелері мәселенің қоғамдағы өзектілігін бағалауға мүмкіндік береді. Зерттеу шеңберінде заңнамаға талдау жүргізіліп, медицина қызметкерлерін пациенттік экс тремизм көріністерінен қорғау шаралары ұсынылады, оның ішінде құқықтық дайындық деңгейін арттыру, пациенттерді дұрыс ақпараттандыру және емдеуден бас тарту мен медициналық ара ласуды рәсімдеу қажеттілігі көрсетіледі. Бұл медициналық құжаттарды дұрыс және уақтылы тол тырмау науқас пен дәрігер үшін жағымсыз салдарға әкеліп, науқастың құқықтарының шектелуіне және дәрігердің жауапкершілікке тартылуына әкелуі мүмкін екендігі қорытындыланады. Мақалада денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру және халықтың құқықтық сауаттылығының артуы жағдайында дәрігер мен пациент арасындағы қатынастардың қазіргі даму үрдістері қарастырылады. Қазақстан Республикасында пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтарын реттейтін нормативтік-құқықтық база талданып, зерттеу нәтижесінде жанжалдардың туындауына ықпал ететін факторлар анықталып, медицина қызметкерлерін құқықтық қорғау тетіктерін жетілдіру бағыттары ұсынылады.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жарияланды

2025-07-11

Журналдың саны

Бөлім

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ